Информация к новости
  • Просмотров: 1 228
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:33
17-01-2017, 18:33

Жылқыларға арналған SmartOne GPS спутниктік маяктары

Категория: Ақпарат

Өз жануарларыңыздың қозғалысын ең сенімді және ыңғайлы амалмен бақылағыңыз келе ме?


SmartOne C GPS спутниктік маяктарын – бүкіл әлемге белгілі Globalstar американдық компаниясының өнімін пайдаланыңыз. SmartOne C маяктары – жаңашыл технологияларды пайдалана отырып жаңартылған, өзін жақсы жағынан көрсете білген SmartOne трекерлерінің жалғасы.


Бұл маяктар тек байланыс спутниктері арқылы ғана жұмыс жасайды. Жұмыс жасау үшін ұялы байланыстың қажеті жоқ.


Тек бізден ғана сіздер отар жылқыларыңызды (елік, сиыр және түйелер табынына да жарайды) қадағалауға арналған SmartOne C маяктары, кәдімгі жағдайларда тексерілген, сапалы дайын GPS қамыттарын сатып ала аласыздар


Сіздің жануарларыңыз қай жерде болмасын: мейлі жазық далада, тауларда, орманда болса да жыл бойы бақылауыңызда болады.


Сізге ыңғайлы болуы үшін қызметтеріміздің толық кешенін ұсынамыз:

- кеңес береміз, бірлесе отырып тарифін таңдап, маякты сіздің сұрауыңыз бойынша баптап береміз;

- сіздің алған маяктарыңызды Globalstar  спутниктік байланыс жүйесінде іске қосамыз;

- сіз үшін ең жақсы Wialon Hosting  мониторингті қызмет жүйесінде аккаунтты тіркеп, оңтайлы түрде баптап береміз;

- маяктарды мониторинг қызмет жүйесінде тіркейміз;

- маяктарды қосамыз, ал сіз өз үйіңізде өз компьютеріңіз арқылы қызмет жүйесіне кіріп, аппараттардың жұмысын тексересіз, мониторинг қызметімен танысасыз;

- мониторинг қызмет жүйесінде маяктардың жүмысын бақылай  отырып, олардың артықшылықтарын бағалай аласыз;

- есеп айырысасыз;

 - көлік компаниясының поштаны жеткізуін күтесіз.


Сізге тек маякты қосып, қамытты өз жануарларыңызға асып, оларды аса жайлылықпен бақылау ғана қалады.

Информация к новости
  • Просмотров: 1 133
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:32
17-01-2017, 18:32

Жылқы мен сиыр табынын бақылауға арналған спутникті маяк

Категория: Ақпарат

Біздің еліміздің жазық даласы мал өсірушілерге жылқы мен сиырларды  еркін жайылымда жаюға мүмкіндік береді.

Осы жағдайда жануарларды іздеу және бақылау мәселесі туындайды. Бұл мақсатта заманауи технологияларды пайдалану уақытты, жүйкені, ақшаны және ресурстарды айтарлықтай үнемдейді. Шаруашылық иелеріне қазіргі GPS технологиялары мен олардың жүрген орындарын анықтайтын GLONASS-аппараттары көмек бола алады.


Былай қарасаң, бәрі қарапайым, сатып ал да жануарға бекітіп, бақылап отырасың. Дегенмен, бұл жерде бір сұрақ туындайды. – қандай аппараттар шаруашалардың қандай да бір жануарларын пайдалану  шарттары мен талаптарына аса жақын келеді?

Мысалы, сауын сиырларға мониторинг жүргізу үшін трекерлерді, көбінесе, бір тәуліктен бірнеше тәулікке дейін жететін аккумулятор батареяларының зарядын пайдалануға болады. Сиырларды сауу керек, оларды маяктың аккумуляторының зарядын ауыстыру немесе оны  біздің ұялы телефондарымыздың аккумуляторлары секілді зарядтау үшін үйге айдап әкеледі.

Ал міне, еркін жайылатын, қолға үйретілмеген жылқы табындары үшін «ұзақ ойнаушы» маяктар сай келеді.  Оның үстіне, ұялы байланыстың болуына және сапасына тәуелді болмайтындары жақсы.

Көбінесе, өндірушілердің аппараттарын негізінен автомашиналарында жұмыс жасау үшін және өндірушілердің аз бөлігі иттерге қызмет көрсету үшін дайындайтындығын айта кету керек. Автомашиналар мен иттерген арналған аппараттар жұмысының функционалы жылқылардың қозғалысын бақылауға және қадағалауға арналған аппараттардың жұмыс талаптарынан және мүмкіндіктерінен ерекшеленеді.


Жануарларды бақылауға үшін біз маяктардың екі әр түрлі нұсқасын ұсынамыз:
1) Тек спутниктер арқылы ғана жұмыс жасайтын маяктар. Олар GPS  спутниктері арқылы ғана (өз орнын анықтап) орналастырылып және өңделген ақпаратты өз спутниктеріне жібереді. Ол жерден жер үсті станцияларына, одан кейін интернет арқылы мониторингті қызмет жүйесіне Сізге жөнелтеді.
2) GPS/ГЛОНАСС  спутниктері арқылы жұмыс істейтін маяктар өңделген ақпаратты GSM  ұялы байланысы арқылы жібереді. Бұл маяктар дұрыс жұмыс жасауы үшін, Сіздің жануарларыңыз жайылатын аумақтарда ұялы байланыс болуы тиіс. 


Батарея зарядтарын тиімді пайдаланудан басқа тағы аспапты пайдалану шарты да бар: жазда +40С-қа дейін ыстық, қыста -35… -45С-қа дейін суық. Әрбір аппарат мұндай жағдайларда жұмыс жасай бермейді.

Сонымен қатар, маякты таңдаудағы тағы бір маңызды рөлді  атқаратын аппараттың сапасы, оның өлшемдері және қызмет көрсету қарапайымдылығы болып табылады.

Тиісті аппаратураны таңдау кезінде, біз, жылқы өсірушілермен тығыз байланыса отырып,  әр түрлі, отандық және шет елдік әр түрлі өндірушілердің GPS, GLONASS – аппараттарының жұмысын сынап көрдік.

Информация к новости
  • Просмотров: 865
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:31
17-01-2017, 18:31

Біздің маяктарымыз қалай жұмыс істейді

Категория: Ақпарат

Ресейде, Қазақстанда, Моңғолияда жылқылардың еркін жайылатын табындарының көптеген санын кездестіруге болады.  Оларды бақылау, ал жоғалған жағдайда табу қарапайым іс емес.

Кей кезде, жануарларды іздеу үшін  бір күнгі бойғы  уақыттан бірнеше аптаға дейінгі уақытты жұмсай отырып, ойлы-қырлы жерлермен ондаған және кейде тіпті жүздеген километрлерді жүріп өтуге туралы келеді. Және жануарлардың табылуы да екіталай. Ал өлшемі сіріңке қорабынан шамалы -ғана үлкенірек және салмағы  70-90 грамм болатынмаяк аппараттардың көмегімен жануарлардың бақылауын және қажет болған жағдайда іздеуін жеңілдетуге болады. Табындағы бір немесе екі жануарға аппараты бар қамытты тағу жетіп жатыр. 


Еркін жайылымдағы жылқылардың жайылымы -   айрықша жұмыс,  аппаратқа өз талаптарын қояды. Еркін жайылатын жылқылар тағыланып кетеді,  сондықтан біреуіне немесе екеуіне GPS-маякты тағу үшін табынды қоршалған жерге, қашаға кіргізіп, одан соң қамыт кигізілетін жануарды жеке қамайды. Бұл қарапайым жұмыс емес, және сондықтан да оны мүмкіндігінше аз жасаған жөн. Нәтижесінде, аппараттың мүмкіндігінше автономды тәртіпте жұмыс істегені маңызды.

Тексерілген маяктардың арасынан ең жақсы жұмыс көрсеткіштері – біз ұсынатын маяктарда.

(Сайттағы фотосуреттер авторлық суреттер, шынайы жағдайдағы шынайы жұмыс.)

Информация к новости
  • Просмотров: 939
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:30
17-01-2017, 18:30

"Proma Sat 911 SNOOPER" шамшырағы

Категория: Ақпарат

Жануарларды қадағалау үшін ұялы байланыс (-GSM, - GPRS) арқылы жұмыс істейтін қазіргі аппараттардың арасынан біз бір сенімді, уақытпен тексерілген  маякты (трекерді) таңдадық.

Бұл маяктардың жақсы жұмыс жасауына арналған, сіздің жануарларыңыз жайылатын аймақтарда ұялы байланыс болуы керек.

Маякқа  байланыс сигналдары Сіздің жануарларыңыз жайылатын аймақты жақсы қамтитын кез-келген оператордың (Билайн, МегаФон, МТС немесе басқа)  сим-картасы орнатылады.

Маяк абоненттік төлемақысыз жұмыс істейді.

Сіз тек СМС- немесе GPRS-жиынтықтар үшін ғана, жуықтап алғанда  айына 50 – ден 100 рубльге дейінгі сомманы төлейсіз. Бұл маяктың баптамасына және Сіздің таңдаған байланыс операторыңыздың тарифіне байланысты болады.


Аппараттың жұмыс істеу қағидасы: маяк белгілі уақытта бес минутқа оянып, GPS және ГЛОНАСС спутниктері бойынша өзінің орналасқан орнын анықтайды және осы ақпаратты ұялы байланыс арқылы Сізге (өз иесіне) жібереді. Одан кейін,  қайта «ұйықтайды» (баптама бойынша қайта жұмыс жасағанға дейін сөніп тұрады). Маяк қаншалықты аз «оянса», ол соншалықты көбірек жұмыс істейді.

Бір батарея кешенімен SMS тәртіпте автономды жұмыс жасау уақыты координаталарының күнделікті  анықталуы кезінде 2 жылға дейінгі уақытты құрайды.

Әрине,  жануарларды бақылау үшін тәулігіне бір СМС хабарламаны жіберу жеткіліксіз. Әдетте, тәулігіне маяктың байланысқа шығуының үш сеансын баптаймыз, яғни, әрбір 8 сағат сайын.

Сонымен қатар, біздің маяк байланысқа осылай шығу арасында координаталарын анықтаусыз тек GSM модемнің жұмысын іске қосуға мүмкіндік береді, бұл иесінен команда алуға қажетті батареяларының зарядын айтарлықтай үнемдейді.

Егер кенеттен сіз келесі 8 сағатты күтпестен жануарлардың қайда екендігін білгіңіз келіп кетсе? Немесе одан да жаман, хабарлама табынның әдеттегі орнынан алыс және оны айдап бара жатуы ықтимал екендігін көрсетсе? Онда  маякты шұғыл түрде тұрақты жұмыс тәртібіне – трекер тәртібіне ауыстыру керек.

Маяктың өлшемдері: ҰЕБ  – 69х41х20 мм, қорғау сыныбы IP54 , салмағы 75 грамм.

Маяк герметикалық емес, сондықтан жануарларда пайдалану үшін аппараттағы жапсарларын алдын ала герметикамен бітеу қажет.

Бақылау және мониторинг қызмет жүйесінде басқару үшін маяктың барлық ағымдық баптамалары көрінетін ыңғайлы да түсінікті интерфейс жасалған. 


Негізгі қызметтері мен бәсекеге қабілетті артықшылықтары:

Информация к новости
  • Просмотров: 914
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:29
17-01-2017, 18:29

"Globalstar" компаниясының спутниктік маягы

Категория: Ақпарат

  Біз үлкен жануарларды – жылқыларды, сиырларды, еліктерді, қодастарды бақылауға қажетті қажеттіліктерге жауап беретін аппаратты көп іздедік. Аппараттың жануарға бөгет жасамайтындай, кіші өлшемді, герметикалық, сенімді болғанын және тіпті GSM ұялы байланыс сигналдары жоқ жерде жұмыс істегендігін, қызмет аясының кең болғандығын және баптау мүмкіндіктерінің зор болғанын, және ақырында автономды тәртіпте ұзақ уақыт жұмыс істеуге қабілетті болғандығын қалар едік.


Міне, енді осы талаптарға сай келетін аппаратты таптық.

Сіздерге бүкіл әлемге белгілі “Globalstar”  компаниясының “SmartOne C”

- Маякты–өлшемдері: ұзындығы 6,5 см, ені 5,4 см, қалыңдығы – 2 см.

- Аппарат герметикалық: су өткізбейді, қорғау дәрежесі IP67.

- Маяктың сенімді жұмысының температуралық аралығы: -30°С….. +60°С. Температура -40°С тан +85°С-қа дейін болғанда батареяларының заряды қарқынды жұмсалып, хабарлама жіберу қиындықты туғызады.

- Сенімді. Аппараттың мүмкіндіктерінің сипаттамасымен ғана қанағаттанып қоймай, біз тоғыз айдың ішінде өзіміз Оңтүстік Уралдың қиын климаттық жағдайларында жылқыларға маякты қамыттарды тағып өрістік сынақтар жүргіздік.

- Аппараттың үлкен қызметтігі  ең қатал клиентті қанағаттандырады.

- Маяктың икемді баптамасы: ол  хабарламаны бірнеше күнде бір рет және тәулігіне 41 ретке дейін жібере алады.

- Кез-келген орташа техникалық дүкенде  сатып алуға болатын 4 литий батареяларынан жұмыс жасайды.


Маяктың сипаттамасын өндірушіден келген түпнұсқа түрінде ұсынамыз.

Скачать файл: 2015_smartone_c.pdf [674,83 Kb] (cкачиваний: 35)
Посмотреть онлайн файл: 2015_smartone_c.pdf
  


NB! Сіді өндірушінің техникаға арналған аппараттарының тағайындалуы туралы сипаттамасы  сізді абыржытпасын.  Жабайы жануарларды (жолбарыстар, антилопалар, арыстандар, зебралар) бақылауға маманданатын бүкіл әлемге белгілі VECTRONIC  неміс компаниясы өз жұмысында дәл осы өндірушінің аппараттарының  бастапқы нұсқаларын пайдаланады.

Информация к новости
  • Просмотров: 728
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:28
17-01-2017, 18:28

"Smartone C" спутникті маягына тест

Категория: Ақпарат

Аппаратты үлкен қоғамға көрсетпес бұрын, біз өрістік жағдайларда, жылқыларға салып маякка тест жүргіздік.

Бір қарапайым, берік қамыт жасадық.

Нұрмұхамет ағайдың табындарды бақылап жүретін айғырына әрбір сағат сайынғы мәлімет беруге бапталған маягы бар қамытты іліп қойдық.

Бірнеше хабарлама келді, хабарламалардың бір бөлігі келмеді. Келесі күні маякты кішкене басқаша ілдік, ақыр соңында бүкіл хабарламалар жоғалмай, уақытында келді.

Алайда, қорытынды келесідей болды: жылқының мойнындағы маяктың осылайша орналасуын аттың үстінде шабандоз болған жағдайда ғана  бақылауға болады, бірақ еркін жайылған жағдайда, жылқы аунап денесін қаси алатын кезде аппараттың орны өзгеруі мүмкін.

Олай былай ойланып, ақыр соңында ойлап таптық.

Үшінші қамытты жасап, шабандоз отырған дәл сол айғырға салдық. Таңертеннен кешке дейін  ісіне адал шабандоз табынды бақылап жүрді. Барлық хабарламалар  дұрыс келді.

Әрбір сағат сайын хабарлама жіберуге бапталған маякты қамыттың дәл осы нұсқасын еркін жайылып жүрген табынға тақтық.

Хабарлама сағат сайын дұрыс келіп отырды, тәулігіне 24 хабарлама келді. Компьютерде отырып, табындардың қай жерде және қай уақытта жайылатынын, су ішуге қайта және қай кезде баратынын бақылау қызық болды.

Үш апта маяк мұндай тәртіпте жұмыс жасады. 24х(7х3) = 504 хабарлама Маякты қамытты шештік, қамыт ат әбзелі секілді былғанды, шаш, шаң, бірақ ошейниктің ашық зақымданған жері жоқ.

Маяк та шаң болып шықты, бірақ бүтін. Оны сүртіп, компьютерге жалғадық, арнайы бағдарламамен баптамаларын өзгерттік. 24-ң орнына тәулігіне 4 хабарламаға баптадық, яғни, әрбір 6 сағат сайын келетін болды. Басқа ештене өзгертпей, қамытты  Урал тауларының Ирендық жотасының басқа жағында жайылып жүрген үлкен шаруашылық табынына тақтық. Ол жерде байланыс жоқ. Енді шаруашылық иесінің, атап айтсақ, оның басқарушысының қуанышында шек жоқ. Табын ылғи бақылауда: компьютердің мониторынан соңғы хабарламаны (хабарламалар  экранда аттар түрінде шығады, аттың іздеу кезінде навигаторға енгізуге болатын дәл координаталары болады) қарайды, ол жерге атты бақташыны жіберіп, біраз уақыттан соң, ол табынды тауып, қайта санап, тексереді де, қайтадан артқа қайтады.

Информация к новости
  • Просмотров: 915
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:27
17-01-2017, 18:27

Спутникті маяктарға арналған қызметтер жиынтығы

Категория: Ақпарат

Объектілерді (жануарларды, көлікті, жүктерді) бақылауға арналған спутниктік маякты пайдалану үшін не керек?


1) Маяктың өзі қажет. Ол, әдепкі қалпы бойынша, тәулігіне бір хабарламаны жіберуге бапталған. Уақыт сіз маяктың алдыңғы бөлігіндегі бұрандалы шегелерді бұрап алып, кішкентай ауыстырып-қосқышты  OFF тәртібінен  ON тәртібіне қосқан уақыттан бастап есептеледі (фотографиядағы бұл тәртібі оқылады, жай ғана ауыстырып-қосқышы көрінбейді, ол өте кішкентай). Егер сіз қанша уақытта қанша хабарлама келетіндей бағдарламасын өзіңіз енгізгіңіз келсе, сізге маякка бағдарламалауға арналған кабельді қоса сатып алу керек. 


  Бағдарламалауға арналған арнайы бағдарламаны интернет арқылы жазып алуға болады. 

Дегенмен бұл жерде бір «теріс» жағы да бар (2 бөлімді қараңыз).


2) Маяк жұмыс жасау үшін сіз сіздің ұялы телефоныңыздың сим картасына ақша салған секілді эфирлік уақытын төлеу керек.


Эфирлік уақыт жиынтықпен сатылады:

- әрбір хабарлама үшін төлеуге болады,

- айына 100 хабарлама үшін (бұл тәулігіне үш хабарлама  3х31=93 болады, жеті хабарлама техникалық ақпаратқа қалады: батарейкалардың заряд деңгейі, тесттік хабарлама),

- айына 200 хабарлама,
- айына 400 хабарлама,
- айына 800 хабарлама,
- айына 1600 хабарлама.


Айына хабарлама қаншалықты көп болса, жиынтықтың бағасы соншалықты жоғары болады. Біреуге тәулігіне 1 хабарлама жеткілікті, енді біреуге тәулігіне  үш және одан да артық хабарламалар қажет. Сіздің сұраныстарыңызға сүйене отырып, сіз алдымен хабарламалар жиынтығы үшін төлеп, одан кейін маякты төлеген хабарламалар санына қайта бағдарламалайсыз.

Егер сіз маякты тәулігіне  үш хабарламадан артық хабарламаға қайта бағдарламалай алсаңыз, айына 100 хабарламадан тұратын жиынтық бір айға жетпейді.  Жеке хабарламалар жеке тарифтеледі.


3) Сіздің спутниктік маягыңызды іске қосу керек.


4) Компьютерден, смартфоннан, планшеттен сіздің жануарларыңыздың (маяк орнатылған жануардың) орналасқан орындарын қарау үшін  мониторингті қызмет жүйесіне қосылу керек.

Әр түрлі шектеулері бар тегін мониторингтік қызмет жүйелері бар, оларды ескере отырып, біз сенімді "Виалон-сервис Рус" тегін ақылы қызметімен жұмыс жасаймыз.

Информация к новости
  • Просмотров: 816
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:26
17-01-2017, 18:26

Мониторингтік қызмет

Категория: Ақпарат

Объектілерге мониторинг жасау үшін мониторингтік қызмет жүйесі қажет. Әр түрлі нұсқаларды қарастыра отырып, біз "Виалон-сервис Рус" компаниясын таңдадық.

"Виалон-сервис Рус" компаниясы – бұл көлікке мониторинг жасауға арналған  “Wialon”  бағдарламалық қамтамасыздандыруын жасаушы “Gurtam”  компаниясының “алтын” дилері. Бүгінгі күні   “Wialon” бағдарламалық кешені аймақтық және федералдық деңгейдегі спутниктік мониторингке арналған ең белгілі аспап болып табылады.

Бағдарлама орыс тілінде, объектілерді қарауға арналған жақсы карталары, геоаймақтары, есептіктері бар, оған қоса, көптеген әр алуан мүмкіндіктері бар.

Объектілерді тек толық салмақты компьютерден ғана емес, сонымен қатар, смартфоннан, планшеттен және т.б. бақылауға болады. 

Бағдарлама интерфейсі осы қажеттіліктерге қарай бейімделген. 

Сонымен қатар, “Android” және “iOS” операциялық жүйелеріне келетін “Wialon” мобильді клиенті мен ертеректе жасалған екі веб-қосымшалары бар.


Бағдарламамен танысуға арналған Демо-кіруі бар (таныстыру, сынама кіруі):
Демо-кіруге сілтеме: http://gps.nav-system.ru/


“Wialon” серверінде қазірдің өзінде  1 300 000-нан аса объектілер тіркелген. “Gurtam”  серіктестері  Антарктидадан басқа, барлық континенттерде  спутникті GPS және ГЛОНАСС  мониторингтер қызметтерін ұсынады. 130-дан астам елдің 950 – дан астам оператор-компаниялары мен интеграторлары “Wialon” бағдарламалық платформасын пайдалана отырып жұмыс істейді.

Информация к новости
  • Просмотров: 785
  • Автор: administrator
  • Дата: 17-01-2017, 18:24
17-01-2017, 18:24

"Globalstar" спутниктік байланысын қамту аймағы қандай?

Категория: Ақпарат

Глобалстар қамту аймағы оңтүстік ендіктегі 79 градуспен және солтүстік ендіктегі 79 градуспен шектелген.


Глобалстар жүйесі келесідей сегменттерден тұрады:

1) Космостық (төмен орбиталды байланыс спутниктерінің топтамасы)

2) Жер асты (қабысу, басқару және бақылау станциялары)

3) Пайдалану


Космостық сегмент  ең жақсы байланыс сапасы орта ендіктегі абоненттер болатындай жұмыс істейді.

Полярлы аудандарға жақын пайдаланушылар, сигналдан кедергі байқауы мүмкін. Globalstar жүйесінің қамту аймағы Солтүстік және Оңтүстік полюстерде жұмыс істемейді.


Карта Глобалстар маңызды спутниктік қамту аймақтарын көрсетеді. 

^